Түркістан: «ақбөкен» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өтеді

Елімізде бір ай бойы киік жануарын қорғау акциясы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Бақыт Мұсалиев мәлім етті. Оның мәлімдеуінше, 2023 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында киік аңының төлдеуіне байланысты, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу және қылмыстық топтардың заңсыз қызметін анықтап, жолын кесу жұмыстары күшейтілген режимде арнайы құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіледі. Брифингте сөз алған «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов алдағы акцияға дайындық барысы туралы баяндады. Жауапты сала басшысының айтуынша, еліміздің 13 облыс аумағында жүргізілетін «Ақбөкен» кең ауқымды акциясына 2 тікұшақ, 90 джип, КАМАЗ (кунг) автокөліктері мен «дрон» аппараттары, түнгі көру құрылғыларымен қамтылған «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның 430 инспекторы сақадай сай тұр. - Елімізде киіктерді 2024 жылға дейін аулауға және тұтынуға тыйым салынды. 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген санақ жұмыстары барысында Қазақстанда ақбөкендер саны 1 318 000 басқа көбейгендігін көруге болады. Салыстырмалы түрде, 2021 жылғы санақ бойынша 842 мың бас киік болған. Биыл сәуір-мамыр айларында еліміздің 4 облысында атуға тыйым салынған киік (ақбөкен) аңы және Қызыл кітапқа енгізілген (арқар, қарақұйрық, т.б.) аңдарының санағын жүргізу жоспарланып отыр, - деді Расул Қарақалпақұлы.

Читать источник turkistan.tv
Техникке жарыған елдің болашағы жарқын
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды