Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «ТҮРКІСТАН АРУЫ – 2024» КАСТИНГІ ӨТТІ. Оған осы мекеме өкілі, аймақтық іріктеу кезеңінің директоры Зарина Загидуллина мен «Түркістан аруы-2023» аталымының иегері Диана Ербосын қазылық етті. Айта кетейік, «Miss Turkistan-2024» байқауында 18-25 жас аралығындағы, бойы 165-тен асатын жас түркістандық бойжеткендер бақ сынай алады. Бастысы, осы елдің азаматы және тұрмыс құрмаған болуы шарт. Сондай-ақ Түркістандық арулар өз бағын 2-ші рет сынай алады. Келесі кастинг туралы жақын арада белгілі болады.