Түркістан әуежайында жолаушылардан діни мазмұндағы кітаптар тәркіленді. Көлік полицейлері Кувейт – Түркістан бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген жолаушыларды тексерген. Сол кезде 53 заңсыз кітапты алып келе жатқаны мәлім болған. Қазір 34 және 66 жастағы қала тұрғындарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.