Түркістанның күретамырына айналған орталық базар тазаланды. Онда қосымша қоқыс жәшіктері қойылып, ретсіз ілінген 100-ден аса жарнама алынып тасталды. Одан өзге еріктілердің қатысуымен қаланың көрікті көшелері де тазарып қалды. Апта сайын ұйымдастырлатын сенбіліктер нәтижесінде бірқатар аймақтың тынысы ашылып, көгалдар жайқалып қалды.