Облысымызда республикалық «Түркістан дауысы-2023» жас орындаушылар байқауы басталды. Ән додасында еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер бақ сынады. Байқау шартына сәйкес, қатысушылар Қазақстанның танымал композиторларының әнін авторлық аранжировкада орындады. Ал, бүгінгі кезеңде олар өз таңдауы бойынша вокалды инструменталды, ансамбльдің сүйемелдеуімен ән шырқайды. Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, халықаралық мәдени, туристік байланысты дамыту, қазақ музыкасын насихаттау. Сайысқа қатысып жатқан жас өнерпаздарға әділ бағасын беретін қазылар алқасы да арнайы құрылған. Олардың қатарында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әншілер де бар.