Түркістан қаласында жоғалған жеткіншек қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр. 11 жастағы Інжу Ескермес 25-наурызда үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Құзырлы орган қызметкерлері мен туысқандары да қызды іздеп сабылып жүр. Інжуді іздеуге тұрғындар мен еріктілер де атсалысып жатыр.