Түркістанда шешімін күткен өзекті мәселелер әлі де бар. Солардың бірі кезінде қос-қостап салынған, Түркістанға тарту етілген зәулім ғимараттардың бүгінде жекеменшік сенімгерлік басқаруға өтіп кеткендігі. Іске асып, пайдаға жараса мейлі ғой. Көпшілікті алаңдататыны сол, «Визит орталықтың» тағдырын қайталап қаңырап бос қала ма дегені. Осы орайда тілшілер тарапынан туындаған сауалға шаһар басшысы ресми түсінік берді. Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, сенімгерлік басқару – мемлекеттік мүлікті жекешелендіру емес.