Келер жылы Түркістан қаласының кәріз жүйесін орталықтандыруға баса назар аударылатын болады. Себебі мұнан туындайтын мәселе көп. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 70 пайызға жуығы жеке-жеке құбыр қазып, қалдығын сонда төгеді екен. Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сонымен қатар жиында - әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және қоғамдық көлік, жер саласына байланысты да сауалдарға жауап берілді.