Түркістан: Кентау қаласында биылғы қызғалдақтар жайқалды

Кентау қаласының орталық көшелеріне 2 мың дана қызғалдақ егілген. Бүгінде қызғалдақтар жайқалып, гүл ашты. Қызғалдақтар қаланың Қ.А.Ясауи кіші аллеясына және С.Сейфуллин көшесіне отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қалалық «Жасыл қала» КММ-сі қызғалдақтың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қала және қалаға қарасты ауылдарда сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты бөлім және мекемелер, қоғамдық жұмыс қызметкерлері үлес қосты. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүгінде қаланың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына 5 техника мен 140-тан аса адам жұмылдырылып, 24,5 тонна қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды. Сенбілік барысында тал егу жұмыстары да жүргізілді. 2023 жылдың көктем айы бойынша 33440 көшет отырғызылды.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Жыл жетістігі: Шымкентте 552 отбасына тұрғын үй сертификаты берілді
«Сөзім үшін өкінбеймін»: Еділ Жаңбыршин Питер Фостерге айтқан ескертуін сынағандарға жауап берді
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
Бүгін түнде әлемде қандай оқиғалар орын алды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
WhatsApp кейбір ескі смартфондарда жұмыс істемейді.
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр  
Жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы анықталды
Тұман түсіп, батыста көктайғақ болады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Алматыда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды
«Сөзім үшін өкінбеймін»: Еділ Жаңбыршин Питер Фостерге айтқан ескертуін сынағандарға жауап берді
Астанада полицей қыздың мәйіті табылды
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Мәжіліс жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады
Бірыңғай уақыттың адамға әсерін зерттеу құны 54 миллионға қысқартылды
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға қандай көмек көрсетілді?
Биыл су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілді?
Су тасқыны: 36,4 мың отбасы әлеуметтік көмек алды
Елімізде доллар мен еуро арзандады
Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды
Сотталып кеткен Мейіржан Төребаев түрмеде ескерту алған