Түркістан: Кентауда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысы, Кентау қаласында Наурыз мерекесінде «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылды. Жиында қала әкімі Жандос Тасов салтанатты шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, орталықтың қызметі жайында атап өтті. «Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде тұрақты достық қарым-қатынасты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту – біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі», деді. Жиында қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы М.Түнтеков жаңа ғимараттың жұмысына сәттілік жолдап, батасын берді. «Көзқарас» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі мүшелері көпшілікке өнерлерін ұсынды. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген игі шарада киіз үй тігіліп, көпшілікке ұлттық тағамдар ұсынылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімі, «Тең қоғам» бөлімі, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімі және «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мақсаты – зейнеткерлік жастағы адамдармен мүгедектігі бар адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасау. Өз-өзіне қызмет көрсету, белсенді қимыл-қозғалыс, белсенді өмір салтын сақтау және дамыту қабілетін сақтаған егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету және бос уақыттарын пайдалы өткізу.

Читать источник turkistan.tv
Ұлытау облысында шенеунік жымқырған 218 миллионды өз еркімен қайтарды
Үш адам зардап шекті: Алматы облысында атыс болды
Бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін жүргізген судья марапатталды
Бүгін "Алтын доптың" иесі белгілі болады
Air Astana қысқы ұшу кестесіне көшті
Air Astana жаңартылған ұшу кестесін енгізді
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды
Алматы полициясы жыл басынан бері 18 есірткі зертханасын жойды
Қар көшкіні салдарынан туннельдегі 10 көлік қар құрсауында қалды
Алматыда халықаралық жастар форумы өтіп жатыр
Тұман, көктайғақ: елдің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамды құтқарды
Ұлытау облысында автокөлік балшыққа батып қалды: үш ер адам эвакуацияланды
2024 жылы Қазақстанда 54 сауда үйі ашылды
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Қазақ мәдениетін терең түсінетін адам
Қазақстаннан үш боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Мемлекет басшысы Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды
Үш адам зардап шекті: Алматы облысында атыс болды
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Бишімбаев ісіне қатысты сотта төрағалық еткен судья марапатталды
Тамара Асар аяғындағы протезді жасыру үшін қандай киім киетінін көрсетті
Тамара Асар алғаш рет күйеуі туралы шындықты айтты