Түркістан маңында жасыл алқап ұлғайып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшылармен бірге ескі әуежай алқабына, орман тұқымбағына арнайы барды. Жұмыстарымен танысты. Қазір ескі әуежай аумағындағы алқаптың 450 гектарына сексеуіл егілген. Ал орман тұқымбағының көлемі 120 гектар болса, оның 6 гектарына тамшылап суғару жүйесі орнатылған. Қазіргі таңда орман тұқымбағында жалпы 41 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Мамандар сексеуілдің жерсінуі және өнімділігі жоғары екенін жеткізді. Дархан Сатыбалды аймақты көгалдандыру, орман алқабын қалыптастыру бағытындағы ізденістер мен жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.