"Түркістан ғасырлар бойы қазақ халқының маңызды саяси орталығы болып келді. Қазақ мемлекетінің бас қаласы ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды." Осылай деген Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістанда өтуі тегін емес екенін жеткізді. Ұлт тағдыры сынға түскен сәттерде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындаған. Сондықтан, қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Президент осы ретте аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктелетінін айтты.