Түркістан: наурызда мұқтаж отбасына жаңа үйдің кілті табысталды

Облыс орталығындағы «Бекзат» тұрғын алқабында тұрғындар Наурыз-думан өткізіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Әз-Наурыз мерекесіне арналып ұйымдастырылған шарада жылдағы үрдіс бойынша мұқтаж жанұяға баспана кілті табысталды. Игі іске мұрындық болған 1992 жылы туған азаматтарға алғыс білдірген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жаңа үйдің лентасын қию рәсіміне қатысты. Ұйымдастырушылардың бірі Нұрбек Әшіровтің айтуынша, көп болып жұмылып, бірлікпенен тірлік қылған құрдастардың ізгі амалды жүзеге асыруда үлесі мол. “3 бөлмелі заманауи тұрмыстық техникамен жабдықталған жаңа үйдің кілті көпбалалы жалғызбасты анаға табысталады. Сауабы мол іс 1988 жылғы азаматтардан бастап қолға алынып, жыл сайын дәстүрге айналған. Қуаныштымын әрине. Біз әрқашан жалынды, патриот жастармен мақтанамыз. Қайырымдылық эстафетасын жалғаған жастар үйдің құрылыс жұмыстарын түгелдей өз күшімен жүргізгені шынында құрметке лайықты әрекет”,- деді Нұрбол Әбдісаттарұлы. Думанға толы мерекелік күнде жиналған көпшілікке ас беріліп, шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақша күрес, арқан тарту, қошқар көтеру, қол күресі түрлерінен сайыс, көкпар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпаттар ұсынылды. Жуырда кіші футболдан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өткізіліп, нәтижесінде 1985, 1997, 2004 жылы туған азаматтар жүлделі орындарды иеленді.

Читать источник turkistan.tv
Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған
Қазақстанның 15 жасқа дейінгі хоккей құрамасының бапкерлік штабы анықталды
Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпек болған әйел 10 жылға сотталды
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін жүргізген судья марапатталды
Бүгін "Алтын доптың" иесі белгілі болады
Air Astana қысқы ұшу кестесіне көшті
Air Astana жаңартылған ұшу кестесін енгізді
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды
Алматы полициясы жыл басынан бері 18 есірткі зертханасын жойды
Қар көшкіні салдарынан туннельдегі 10 көлік қар құрсауында қалды
Алматыда халықаралық жастар форумы өтіп жатыр
Тұман, көктайғақ: елдің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамды құтқарды
Ұлытау облысында автокөлік балшыққа батып қалды: үш ер адам эвакуацияланды
2024 жылы Қазақстанда 54 сауда үйі ашылды
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Қазақ мәдениетін терең түсінетін адам
Қазақстаннан үш боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Мемлекет басшысы Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды
Үш адам зардап шекті: Алматы облысында атыс болды
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Бишімбаев ісіне қатысты сотта төрағалық еткен судья марапатталды
Тамара Асар аяғындағы протезді жасыру үшін қандай киім киетінін көрсетті
Тамара Асар алғаш рет күйеуі туралы шындықты айтты