Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Ерлан Күзембаев Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ерлан Бақытжанұлы 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 2006 жылы «Казпромгеофизика» Акционерлік Қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының инженер геофизигі болып бастаған. Түлкібас ауданы Састөбе ауылының әкімі, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып жемісті қызмет еткен. 2022 жылдың мамыр айынан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын абыроймен атқарған.