Бүгін Түркістан облыстық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Жиынға Дархан Сатыбалды бастаған облыстық әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік орган басшылары қатысты. Жалпыұлттық аза тұту күні болған соң іс-шара әуелі қаза болған отандастарымыздың құрметіне бір минут үнсіздіктен басталды.