Арыс тоғыз жолдың торабы екені айқын. Алайда бүгінде темір жол тарапынан төленетін салық облысқа не аудандық қорға емес, Шымкент қаласының қазынасына түсіп жатқан көрінеді. Аталған мәселе халық қалаулыларының аудан тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды. Толығырақ Арысқа арнайы барған әріптесім Айдана Дүйсенбаева айтып берсін!