Түркістан облыстық соты жаңа ғимаратқа көшпек. Төрт қабатты нысан көлемі 17,5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Ғимаратта Түркістан қаласындағы 8 сот орналасады. Мұнда судьяларға, сот қызметкерлеріне және келушілерге барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық соттың жаңа ғимаратымен танысты. Бірнеше блоктан тұратын нысанда акт залы, күту залы, баспасөз орталығы, мұражай, мұрағат орналасқан және психологиялық көмек көрсету бөлмесі де бар. Мекеме толықтай заманауи жабдықтармен қамтылған.