7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі Түркістанда ерекше аталып өтті. Фараб кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылып, ардагерлер мен майдангерлерге құрмет көрсетілді. Отан қорғаушы әскерилерге түрлі марапаттар табысталып, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды.