Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Алдын ала жазылған тұрғындар жұмысқа орналасу, несие, жер телімін тіркеу, мүгедектікке шығару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша көмек қолын созуды сұрады. Сонымен қатар көршілес Өзбекстаннан көшіп келген жалғызбасты ана бүгінге дейін ұлының ұлтына байланысты оралман мәртебесін ала алмай жатқанын айтты. Ермек Кенжеханұлы қабылдаудағы өтініштерді мұқият тыңдап, шешімінің заңды жолдарын түсіндірді. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, барынша оңтайлы әрі жылдам шешуді тапсырды.