Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда республика көлемінде көш бастап тұр. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Одан бөлек, соңғы 10 жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды қайта іске қосу бойынша жұмыстар қарқын алған. Халық санына шаққанда, 1 млн 650 мыңға жуық халықтың 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылған.