Өткен жылы Түркістан облысына 972 млрд. теңгенің инвестиция тартылған. Осылайша өңір республикада 3-орынды иеленіп отыр. Кәсіпкерлер саны бойынша Түркістан облысының алдында тек Астана мен Алматы қалалары тұр. Қазір аймақта 207 мыңға жуық шағын және орта кәсіп иесі бар. Бұл әзірге тек 9 айдағы көрсеткіш. Жыл қорытындысы бойынша өңірде өндірілген өнім көлемі 1,6 трлн. теңгеге жетеді деген болжам бар. Өткен жылы Түркістан облысында 56 инвестициялық жаңа жоба іске қосылған.