Түркістан облысының құрылғанына биыл – 6 жыл. Тарихы терең Түркістан қаласы аймақтың орталығы болып, көне мен келешектің көпіріне айналды. Әлемдік деңгейдегі ғимараттар бой көтеріп, қала құлпыра түсті. Халық саны еселеп өсті. Көне шаһардың заманауи шығыс стилінде көркеюін жергілікті тұрғындар қалай қабылдады? 6 жылда қандай өзгерістерді байқағанын сұрап көрген едік.