2018 жылдан бастап облысқа шамамен 6,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Халықаралық форумда аймақ басшысы Дархан Сатыбалды осылай деді. Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірді дамытудың маңызды аспектілері, стратегиялық маңызды салалары, оның ішінде туризм, инвестиция және экономика бағыттары туралы баяндама жасап, жетістіктерімен бөлісті. Пленарлық сессияда спикерлердің пікірлері ортаға салынды. Форум әрі қарай салалық сессияларға ұласады.