Түркістан облысындағы қалың қар мен бұрқасын салдарынан 14 бағытта жол жабылды. Барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Олардың бірі - республикалық, қалған 13-і облыстық маңызы бар жолдар. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп, құтқарушылар жолда қалып қойған көліктерге көмек беруде. Қосымша "Шұғыл желі" іске қосылды. Сондай-ақ, төтеншеліктер мұндай қолайсыз ауа райы ертең де сақталатынын ескертеді.