Түркістан облысында 14 кәсіпорын бой көтермек. Осының арқасында 3 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады. Бұл туралы «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалының жол картасы жөніндегі брифингте айтылды. Сондай-ақ өңірде агроөнеркәсіптік кешен саласында 61 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ал өңірдегі су мәселесенің алдын алу үшін Бәйдібек ата және боралдай су қоймаларын салу жоспарда бар.