2023 жылдың 20 қаңтарынан бастау алған кандидаттарды ұсыну, оның ішінде партиялық тізімдер және бірмандаттық округтер бойынша, ұсынылған кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестіктерін анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, 2023 жылдың 18 ақпаны күні 18:00-де тіркеу аяқталып, облысымызда барлық деңгейдегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған 1615 кандидаттың 1284 тіркеуден өтіп, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастаған болатын. Сол тіркеуден өткен кандидаттардың бүгінгі сайлауға 1131 қатысуда, тіркеудан өткен 172 кандидат әр түрлі себептермен тіркеудан алынды. Осы сайлауға қатысудағы кандидаттардың 1007-і ер адамдар болса, 124-і әйел адамдар, ең жас кандидат 2002 жылғы, ең ересегі 1953 жылғы азамат. Кеше 18 наурыз күні сайлау алды үгіт жұмыстары тоқтатылып, тыныштық күні болды.