Түркістан облысында 40 елді мекен, 104 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылған. Жауапты сала басшылары биыл тағы 50 мыңдай ауыл халқын электр энергиясымен қамтуды көздеп отыр. Аталған мақсатта аймақта 54 нысанның құрылысы жүргізілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды.