«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Түркістан облысында 63 мектеп салынады. Ұлттық жобаның басты мақсаты — мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылармен өткізген жиналыста мектептер салу үшін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникациялдарды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруды тапсырды. Барлық аудан, қалада бой көтеретін мектептердің құрылысы бойынша әкімдер мен жауапты басқарма басшыларына тапсырма берді. Сонымен қатар облыс басшысы құрылысқа қажетті жабдықтарды отандық және жергілікті тауар өндірушілер арқылы қамтамасыз етуді атап өтті.