Өткен жылы Түркістан облысында 1586 шақырым жол жөндеуден өткен. Ол үшін 48 млрд. теңге жұмсалыпты. Ал, биылы 747 шақырым жол жаңартылады деп жоспарланып отыр. Оның арасында көлік жолдары мен ауыл көшелері бар. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшылығының айтуынша алдағы 2 жылда 2 жарым мың шақырымнан аса жол жөндеуден өтпек. Осының арқасында өңірдегі сапалы жолдардың үлесі 95 пайызға шамалас болмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жол құрылысын сапалы атқаруды тапсырды.