Елімізде аутизмі бар балалар саны жылдан жылға артып келеді. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам балада осы синдромға шалдыққан. Оның 150-і Түркістан облысында тіркелген. Бірақ облыстағы мұндай ерекше балалар саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі, дертті айнымай танып, дөп басып айту қиын. Әрі елімізде аутизмді нақты анықтап, диагноз қоятын мамандар да жоқтың қасы. Сондықтан әзірге тек аурудың алдын алып, салдарымен күресуге ғана қауқарлымыз. Тақырыпты әрі қарай тілші жалғайды.