Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бойынша 250-ге жуық жоба мақұлданды. Дегенмен жобаны үйлестіру жұмыстары әлі де төмен деңгейде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осылай деді. Өңір басшысы жобаны орындау бойынша көш соңында қалған аудан әкімдерін, жауапты басқармалардың жұмысын сынға алды.