Түркістанда облыстық Қоғамдық кеңестің жиырма сегізінші отырысы өтті. Онда бірінші болып кеңестің биылғы жұмыс жоспары қаралды. Ал жалпы күн тәртібінде сегіз мәселе талқыланды. Көбі ауыл шаруашылығы саласына қатысты. Себебі өңір республикада ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша көш басында. Сондай-ақ, көпті алаңдатып отырған субсидия мәселесі де бүгінгі жиында көтерілді. Осы орайда, егіс науқаны жақындағанда шаруаның жайын сұраған кеңес мүшелері, басқарма басшысынан нақты мәліметтерге тоқталуын талап етті.