Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Түркістан облысында алғашқы бәйшешек бүр жарды. Бұл жаңалықты Ғани Назарбек есімді экобелсенді өз Facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бәйшешек Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында өсіп шыққан. Дала гүлі сондай-ақ Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында да бүршік атты. Ал, әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға оқырмандар тарапынан әртүрлі пікірлер жазылып жатыр. Мәселен, олардың арасында «Көктем жаңашылдық, бақыт, жақсылық әкелсін!», «Көктем келе жатыр. Соның белгісі», «Наурыздың нышаны» секілді пікірлер бар. Айта кетсем, Қызыл кітапқа енген өсімдік жұмсақ климатқа байланысты Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бірінші болып гүлдейді. Мәселен, 2021 жылы жергілікті тұрғын 1 ақпанда бәйшешектің гүлдегенін фотоға түсіріп алған болатын. Ал өткен жылы алғашқы сурет 14 ақпанда жарияланыпты.  

Читать источник turkistan.tv
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Сенаторлар өңірлерге барады
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Қаңғыбас ит қауіп тудырады
Бай боламын десеңіз... Жаңа 2025 жылға жоспар қалай құрамыз?
Ғасыр дерті S.O.S
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
Жаңажылдық базарлық