Қорадағы мал мен фермадағы құсқа ауру жоламайды. Себебі Түркістан облысында дезинсекция шаралары басталады. Ол үшін облыстық бюджеттен 676 млн. теңге қарастырлған. Бұдан бөлек ғылыми сүйемелдеу жұмыстары да жүргізілмек. Дернәсілдермен күресу үшін биологиялық препараттар суға себіледі. Ал, су қорғау аймақтарын, елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісі қолданылады. Аталған жұмысқа 42 техника, 96 маман жұмылдырылған.