Былтыр интернет құны арзан 20 елдің қатарына кіретін едік. Осыны естіген пысықай ұялы байланыс операторлары бір жыл ішінде 3-4 мәрте тарифті қымбаттатып үлгерді. Екі арада ел тұрғындары сандалды да қалды. Қалтасындағы қаржыны не телефонына не уайфайға саларын білмей дал болып жүр. Оған көніп екі есе шығындалған тұрғындар сапасына көрсететін қызметі сай келмейді деп шағымдануда. Бұқараның базынасымен әріптесім танысып қайтты.