Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды.