Түркістан облысындағы жайылымдық жерлерді үлестіру барысында жергілікті халықтың сұранысы ескерілмеген. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды "Халықтың жайылымдық жерлерден таршылық көріп, қысылуына аудан әкімдері кінәлі",- деді. Сондықтан биылдан бастап, ауыл малы бағылатын аумақтардың тапшылығын жою жұмыстарын өңір басшысының өзі тікелей қадағалайтын болды. Аймақта "Қолжетімді жайылым" жобасы қолға алынып, келесі жылға дейін жайылымдық жерлердің тапшылығын елу пайызға азайту көзделіп отыр.