Қоғамдық көліктерді жақсарту - маңызды меже. Биыл облыста 89 бағытқа 4,6 млрд, Түркістан қаласына 3,9 млрд. теңге жоспарланды. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды қатысқан Түркістан облысында жолаушылар тасымалының динамикасы туралы жиналыста айтылды. Былтыр облыс бойынша қоғамдық көліктер 19 млннан астам адамды тасымалдаған. Тұрғындар үшін 283 бағыт бойынша 1208 қоғамдық көлік жұмыс істейді. Сондай-ақ былтыр облыста 210 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның 78-і Түркістан қаласында. Басқосуда ауданаралық қоғамдық көлік бағыттарының ашылуы жайлы да айтылды.