Түркістан облысындағы әрбір жаңа нысан қаланың сәніне сән қосып, идеологиялық мәнге ие болуы керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобаларды талқылау кезінде осылай деді. Сарапшылар жиында Арыстан баб кесенесіне іргелес аумақты абаттандыру, этноауыл салу жобасы, Кентаудағы Хантағы маңында балаларға демалыс орнын ашу және өзге де жобаларды талқылады. Түркістан қаласындағы сәулеттік жобаларды жүзеге асыру бойынша тұжырымдама жасау жөніндегі ұсыныс берілді. Бұл ретте ол тұжырымдама туризм саласын дамытуға үлес қосуы тиіс. Сондықтан қалада және облыста жүзеге асатын әрбір нысан сарапшылар талдауынан өткізіледі.