Түркістан облысында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар көрсеткіші 2,2%-ға төмендеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісінде айтылды. Жиынға облыстағы құқық қорғау органдарының және әкімдіктің басқарма басшылары, бала құқығын қорғау ұйымдарының жетекшілері қатысып, жыл бойы атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.