Түркістан облысында 20-ға жуық өндіріс орны салынып, жұмыс орындары көбеймек. Кәсіпорындардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің инвестициялық штабтың кезекті отырысында белгілі болды. Өңір басшысы кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалатынын айтты. Ол үшін инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша қолдау көрсетілмек.