Бүгінде Түркістан облысында алаяқтық саны артуда. Аталған қылмысқа қатысты 1211 іс тіркелген. Әсіресе, интернет алаяқтық өршіп тұр. Өйткені ол шекара таңдамайтын тез қолжетімді дүние болған. Киберполды қызметкерлер 25 тұлғадан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген. Олар 931 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.