Түркістан облысында наурыз мерекесінде «бірге – таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды

Түркістан облысында Наурыз мейрамында өңірде «Бірге – таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болып отыр. Акцияға облыстағы 17 аудан, қалада сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысты. Облыс орталығындағы жалпы сенбілікте мемлекеттік қызметкерлер қаладағы арық-атыздарды және көше бойларын күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеп, жеміс және сәндік ағаш көшеттерін екті. Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау мақсатында өңірде елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жолғы акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Облыс орталығының айналасынан жасыл желекті қорған құру және Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы аясында жұмыс жүріп жатыр. Осы бағытта облыс бойынша 5 жылда 110 210 гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу Кешенді жоспарына қоса Түркістан қаласының «Жасыл белдеуіне» қосымша тағы 6400 гектар аймаққа көшеттер егу жоспарланған. Биыл облыста кешенді жоспарға сәйкес, мемлекеттік орман қоры жерлерінде 20 300 гектар жерге 32214,23 мың дана көшет егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 1310 гектар жерге 2339,6 мың дана көшет егілген. Өткен жылғы мәдени орман алқаптарын толықтыруға 2161,2 мың көшет босатылды. Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту үшін де «Жасыл аймақ», «Жасыл белдеу» жобалары аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, биыл қала аумағында 210 000 дана 10 түрлі біржылдық және көпжылдық гүлдер егу жоспарланған. Оның 60 000 данасы егілді. Қалғанын осы айдың соңына дейін отырғызу көзделуде. Облыс орталығына 17 түрлі бейімделген 249 000 дана ағаш көшетін (көктем мезгілінде 100 000 дана, күз маусымында 149 000 дана) егу жоспарланып отыр. Биыл көктемде жасыл белдеуде тек толықтыру жұмыстары атқарылады.

Читать источник turkistan.tv
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр  
Жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы анықталды
Тұман түсіп, батыста көктайғақ болады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
Алматыда Grand Park маңында атыс болды
Франциядағы тау шаңғысы курортында 240 турист лифтте тұрып қалды
Бір облыста жол жабылды
Қайтарылған актив: Петропавлда балабақша салуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шымкентте «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді
Ресейдің жүздеген тонна жүгі бар кемесі Жерорта теңізіне батып кетті
Қазақстандық биатлоншылар IBU кубогында ТОП-10 қатарына енді
Астанада полицей қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Әнші Мақпал Жүнісова өзіне сыйланған ең қымбат сыйлықтың бағасын айтты
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
Маңғыстауда 4 елді-мекенде интернет жоқ
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды