«Neke tour» байқауына қатысып, салтанатты неке қию рәсімін ұтып ал! 15 сәуір Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған ауқымды жоба Түркістан қаласында өткелі жатыр. Елімізде тарихи шаһарда некесін қиғысы келетін жастар көп көрінеді. 345 жұп «Neke tour» республикалық байқауына қатысуға өтінім берген. Түркістан облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған шараға 15 отбасылық жұп іріктеліп алыныпты. Бас жүлде алған жастар ұшаққа билет, қонақ үйде тұру, фотосессия және романтикалық кешкі аспен қоса Түркістанда неке қию рәсімін өткізуге мүмкіндік алады. Қатысушылардың оңтүстік өңірдегі махаббатқа толы оқиғасын Түркістан телеарнасы да халық назарына ұсынбақ.