Түркістан облысында былтыр 20 мектеп пайдалануға берілді. Ал келесі жылға дейін өңірде 96 мектеп салынады. Қазіргі таңда аймақта 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Бұдан бөлек, 6 230 оқушыға шақталған 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.