«Ең жас кандидат 2002 жылғы, ең ересегі 1954 жылғы». Бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі алаңыңда алдағы саяси науқанға дайындықтың барысы баяндалды. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің мәлімдеуінше облыс бойынша барлығы 1615 кандидат ұсынылып, олардың 1284-і тіркеуден өткен. Орташа алғанда бірмандатқа 3,9 адам тіркеліп отыр. Ұсынылған кандидаттардың 1426-сы ер, 193-і әйел.