Түркістан облысының Отырар ауданында сексеуіл орманының алқабы ұлғайып келеді. Былтыр орманшылар 5700 гектар жерге сексеуіл егіп, оны биыл жасыл желекке айналдырды. Нәтижесінде шөлді аймақта құм көшкіні басылып, "Қызыл кітапқа" енген жануарлар көбейіп келеді.