Өңір диқандары қаңтардың бел ортасында егістік ісін бастап кетті. Келестік шаруалар үшін ауа райы кедергі емес. Ашық алқапта кетпен күрегін сайлап, іске кіріскендер қырыққабаттың «Галикан» және «Ринда» сортын еккен. Бұл көкөністер небәрі 2 айда толық пісіп жетіледі. Сондай-ақ мақтааралдық диқандар да 160 гектер жерге қырыққабат егіпті. Бүгінде егістік алқаптарындағы жұмыстарға 70-тен астам бригада мен 4 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Айта кетсек, ерте пісетін қырыққабат Еуропа нарығында кең сұранысқа ие.