2030 жылға дейін Түркістан облысындағы 216 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Ал, биыл 22 мың гектар жерге осы әдісті қолдану жосапарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Одан бөлек, өңірдегі ірі су нысандарының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.