Рамазан айында Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылының ақсақалдары мен тұрғындары өзара жиын өткізіп, спиртті ішімдікті сатпау туралы шешімге келді. Осылайша елді мекен аймақтағы «Үлгілі ауылдардың» қатарына енді. Ауыл ақсақалдары бұл жастарды имандылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын үлкен қадам дейді. Айтулы жаңалыққа орай ауылда салтанатты іс-шара өтті. Оған облыстық полиция департаментінің өкілдері мен аудан әкімі қатысып, игі істің бастамашыларын марапаттады. Айта кетейік, Шарбұлақ ауылында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген.